• С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры

    С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры

РРепертуар

ААфиша

  • Қаңбақ шал

    Қаңбақ шал

    Режиссері: Дәурен Тойбазаров /ҚР мәдениет саласының үздігі/

    Суретшісі:Әлия Ұмекенова

    Хореографы:Жанна Хамитовна

    Қойылым ұзақтығы: 50 мин

    Премьера болған күні: 13.03.2020 ж

    Кейіпкерлер мен қатысушылар

    Қаңбақ шал: Ислам Жақсылық

    Нұрсұлтан Тюлюбаев

    Кемпір: Құртқа Мусина

    Гүлназ Гайнулина

    Әжелер: Кәмшат Кабошева

    Ұлжан Қаламышова

    Актер: Асылхан Разиев

    Әділжан Каримов

    Қара дәу: Нұрбол Асқаров

    Тұрақ Дұрысбеков

    Қызыл дәу: Гүлмира Алет

    Жанар Насырова

    Түлкі: Гүлдана Асқарова

    Қаңбақ шал

    (халық ертегісі)

    Білектінің бірді жығары анық. Ал, білімдінің мыңға төтеп берер қауқары бар. Бұл ертегі өскелең ұрпақты ұрда-жық жұдырыққа емес, ақыл мен еңбекке үйір болуға шақырады. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

    Еңбегің мен ақылың екі жақтап» -деп, Абай хакім айтқандай өмірлік күш пен рухани қуаттың қайнар бұлағын нұсқайтын халық ертегісі жас бүлдіршіндерімізді тәлім мен тәрбиеге, өсиет пен өнегеге, білім мен еңбеке баулитын көркем дүние екендігі даусыз.

    Бесік жыры мен ертегі тыңдап өскен ұрпақтың ой өресі кең, көкірек көзі ояу болары сөзсіз. Бұл ертегі жас көрермендерімізге келелі кеңес, рухани азық береді деп сенеміз.

    Эта сказка побуждает подрастающее поколение к умственному и трудовому труду "Верь в себя, возьми себя в руки,

    Как сказал Абай Хаким, народная сказка, указывающая на источник жизненной силы и духовной энергии, призвана научить и воспитать наших детей, привить им заповедь и нравственность, воспитание и труд.

    Слушая колыбельные и сказки, подрастающее поколение будет иметь широкий кругозор и бодрое зрение. Надеемся, что эта сказка даст нашим юным зрителям совет, духовную пищу.

    Қойылым бөлімінің меңгерушісі: С.Емелев

    Режиссердің көмекшісі: З.Қожамбетова

    Режиссердің ассистенті: Ә.Каримов

    Әдебиет бөлімінің меңгерушісі: Н.Әбділ

    Дыбыс цехының меңгерушісі: Б.Ниязов

    Жарық цехының меңгерушісі: М.Дулат

    Тігін цехының меңгерушісі: К.Жұмағұлова

    Киім цехының меңгерушісі: Б.Шакенова

    Реквизит цехының меңгерушісі: А.Балқыбекова

    Ағаш цехының меңгерушісі: М.Құнысбеков

    Суретші, безендіруші: С.Ғаббасов

    Сахна құрастыру цехының меңгерушісі: Н.Қожақин

    Темір ұста бөлімінің меңгерушісі: А.Канайкин

    Театр директоры: Б.Жалғасбаев

    /ҚР мәдениет қайраткері/

    Театрдың көркемдік жетекшісі: Д.Тойбазаров

    /ҚР мәдениет саласының үздігі/

    Read more

  • «Толық адам»

    «Толық адам»

    Авторы: Абай Құнанбаев

    Қоюшы режиссері: Ф. Молдағали

    Суретшісі: А.Сырбаева

    Хореограф: Р.Фазылова

    Жас аралығы: +12

    Ұзақтығы: 1 сағ. 10 мин.

    Абай Құнанбаевтың «Жүрегімнің түбіне терең бойла,

    Мен бір ғажап адаммын оны да ойла» -деп,

    бізге қалдырған өсиетін ұғына алдық па? Туғанына 175 жыл толған хакім Абайдың қазынасын қаншалықты игердік, жан-дүниесін толық түсіндік пе? Бұл, бүгінгі әр қазақтың өзіне қояр сұрағы. Абай заманындағы қамсыздық, жалқаулық, мансапқорлық, енжарлық, мал шашпақтық, мақтаншақтық бүгінгі таңдағы ел ішінде де ескірмей келе жатқан ең өзекті ахуал болып тұр. Бұл қойылым Абай хакімнің қанша ғасыр өтседе өшпес, өлмес тұлға екендігін тағы бір дәлелдемек. Абай қара сөздеріндегі ащы сын мен ашынған ойды ХХІ ғасыр көзімен көріп, көрерменнің ойланып кетері даусыз.

    Read more

  • Венециялық егіздер

    Венециялық егіздер

    (Комедия)

    Авторы: Карло Гольдони

    Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов

    Қоюшы суретшісі: Садыр Ниязакунов

    Балетмейстері: Жанна Темербаева

    Дирижері: Марат Жакупов

    Италиялық драматург Карло Гальдонидің шығармаларын айтқанда есімізге бірден Дель арте стилі түсетіні белгілі. «Венециялық егіздер» спектакліндегі актерлер қимылы, мимикасы және костюмдары көз алдымызға нағыз Дель артені елестеді.

    Бірге туған егіздердің бірін әкелері баласы жоқ алыс ауқатты туысқанына береді. Екі бөлек отбасында тәрбиеленген егіздердің түрлері ұқсас болғанымен жан-дүниелері мүлдем кереғар. Бірде Дзанэтто мен Тонино есімді егіздер Венецияда бір қызға ғашық болады. Бойжеткенде оның айналасындағылар да оларды ажырата алмай, қойылым барысындағы оқиғалар тізбегі шиеленіскен сайын езуімізге күлкі үйіріледі. Спектакльде актерлар сахна сыртындағы дайындығымен қатар образдарын сомдап бір мезгілде театрдағы театрды көрсетеді.

    «Венецианские близнецы» - это легкая и изящная комедия по одноименной пьесе итальянского драматурга Карло Гальдони в точном следовании канонан комедии Дель арте.

    Сюжет истории прост и незамысловат – два брата близнеца Дзанэтто и Тонино, не подозревающие о существовании друг друга, влюбляются в одну и ту же девушку. В этой путанице будет и смех, и слезы, и коварство, и конечно же счастливая развязка.

    Read more

  • Елім-ай

    Елім-ай

    (тарихи драма)
    Авторы: С.Жүнісов
    Қоюшы режиссері: С.Қамиев
    Қоюшы суретшісі: А.Сырбаева
    Биін қойғандар: А.Цой
    Жас аралығы: 10+
    Ұзақтығы: 1 сағ., 20 мин

     

    ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сахналанды

    Ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы, ақылмандардың ісі сынға түскен кер заман...
    Орамды ойларымен, отты жырларымен елдің, жердің тағдырын жырлаған ордабасы Қожаберген жырау...
    Тоқсан толғанып, сексен ширатылған қазақтың Төбе биі атанған Төле би...
    Қиыннан қиыстырып, жұрт тағдырын жақсылығымен шеше білген Қаз дауысты Қазыбек би...
    Күрмеуі қиын істерді әріден шешетін Әйтеке би...
    Бала Сабалақтың ерлігімен басталған, Абылай ханның даналығымен ұласып, ел тағдырын шешу жолындағы жанкештілігі, ата жауымыз жоңғардан азат етуі, көрерменді рухтандырып, тарихтың тағылымына ой салатын қойылым.

    Read more

  • Қарапайым адам

    «Қарапайым адам»
    (комедия)

    Авторы: Бранислав Нушич /Сербия жазушысы, драматург/
    Қазақшаға аударған: Алтынай Сагатова

    Қоюшы режиссері: Барзу Абдураззаков /Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, режиссер/

    Суретшісі: Галия Кожахметова /ҚР суретшілер одағының мүшесі/
    Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 10 минут
    Прьемера болған күні: 16,17,18 маусым 2021ж

    Құдай – ол махаббат!
    Әлем – махаббат үшін жаралған.
    Адам – махаббаттың туындысы.
    Адам махаббатпен жаратылған және оның әлемдегі мақсаты - сүйіспеншілікті қабылдау және бөлісу.
    «Қарапайым» адамдар жоқ. Құдіретті күштің ең ғажайып жаратылысы болғандықтан әрбір адам ұлы, ерекше.
    Таң бозындағы әр шықтың тамшысынан әлем көрінеді, кіп-кішкентай мөлдірлікке еніп кеткен шексіз әлемнің бұл сәті сіздер үшін қарапайым құбылыс болуы мүмкін. Бірақ, күнделікті көзіміз үйренген қарапайым құбылыстан үлкен ұлылықты байқауға болады.
    Дегенмен, біздің келтіріп тұрған мысалымыз қарапайым кіп-кішкентай тамшы туралы. Ал, сіздерге ұсынар қойылымымыз әдеттегіден ерекше болмақ.

     

     

    Read more

  • Шолпанның күнәсі

    Шолпанның күнәсі

    Шолпанның күнәсі
    (драма)

    Авторы: Мағжан Жұмабаев
    Қоюшы режиссері: Б.Шамбетов
    Қоюшы суретшісі: С.Ниязакунов
    Жас аралығы: +14
    Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 20 миинут
    Премьерасы болған уақыты: 22.06.2018 ж.

    Жер бетіндегі тіршілікті жаратқан Алла әрқайсысына өз қызметімен атқарар міндетін қоса жаратқан. Соның бірі, әйелге - ана болу, құрсақ көтеру міндетін жүктеген.
    Шолпанның да бар арманы перзент сүю, арқа сүйер азаматы Сәрсенбайға ұрпақ сыйлау... Ойлағаны мүмкін еместігіне көзі жетсе де ол осы жолда кері шегінбек емес. Таңдап алған адамы бөтен емес, жақыны, қайнысы Әзімбай...
    Шолпан үшін дұрыс деп шешілген шешімді, қазақы менталитетке жат әдетті - халқымыз, еркектік намысы аяққа тапталған Сарсенбай кешіре алама?
    Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан — әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан — қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпанның күнәсі — Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді.

     

    Read more

  • Сылаң қыз

    Сылаң қыз

    «Сылаң қыз»
    (комедия)
    Авторы: Жүсіпбек Аймауытов
    Қоюшы режиссері: Дәурен Тойбазаров /ҚР мәдениет саласының үздігі/
    Суретшісі: Ахметова Ботагөз
    Хореографы: Темербаева Жанна
    Қойылым ұзақтығы: 1 сағат
    Премьера болған күні: 10.11.2021ж.
    Жас көрсеткіші: 12+

    "Қымызды кім ішпес?!.
    Қызға кім сөз салмас?!." – бұл тәмсіл баяғының боз баласы мен бойжеткеніне жарасқан жарасымды теңеу.
    Бұл қойылым Бәтимаға қыз айттырып, көз сүзген жігіттердің қам-қарекеті арқылы ғашықтық сырын ғана емес, тұтас ұлттың басынан кешкен тағдырын, ғазиз басын малға сатқан қыз тағдырын, пенделік дүниеқоңыздық сынды келеңсіздіктерді баяндайды.
    Фольклорлық бояуы қанық комедия өнер сүйер көпшілік пен өскелең ұрпақтың көкірегіне ой салады деген ниеттеміз.

     

     

     

    Read more

  • Ысқақ

    Ысқақ

    «Ысқақ»

    (Вербатим драма)

    Авторы: Нұрислам Әбділ

    Сахналық нұсқасын жасаған: Фархадбек Қанафин

    Қоюшы режиссері: Ф.Қанафин

    Қоюшы суретшісі: Б.Ахметова

    Киім үлгісінің суретшісі: Б.Ахметова

    Биін қойған: Ж.Темербаева

    Вокал жетекшісі: Ж.Айтбаев /ҚР Мәдениет саласының үздігі/

    Қойылым ұзақтығы: 1 сағат

    Премьерасы болған уақыты:15-16 қыркүйек

    Даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Ысқақ Ыбыраевтың 110 жылдығына орай сахналанды

    «Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу – бұл әркімнің міндеті» - дейді Ги де Мопассан. Ұлы Отан алдындағы азаматтық борышын адал өтеген ержүрек батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.

    Оқ пен оттың ортасынан өз жанын ғана арашалап қалмай саптағы сарбаздарын жетелеп жеңіске жеткізген лейтенант, «Ленин» және «Қызыл жұлдыз» ордендерінің иесі, Кеңес Одағының батыры, көрнекті қоғам қайраткері – Ысқақ Ыбыраевтың көзсіз ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болары анық.

    Бұл спектакль Қазақстан театры кеңістігінде вербатим жанрында (деректі материялдар негізінде) алғаш рет қазақ тілінде сахналанған қойылым болып табылады.

    *Вербатим (латын тілінен: Verbatim – сөзбе сөз) деректі театр жанры

    Read more

  • Соғыстың сұрқы әйелге жат

    Соғыстың сұрқы әйелге жат

    (Театрландырылған қойылым)

    Авторы: Светлана Алексеевич
    Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов
    Жас аралығы: +12
    Ұзақтығы: 1 сағ.10 мин.

    Жанған от пен жауған оқтың ортасында қанаты күйген көбелектей шыр-пыр болған мейірім иесі жүр, бұл – махаббат.
    Кеудесін оқ тескен, бетін күйік шалған жаралы батырлардың жанына да арашашы болған да осы – махаббат.
    Қатыгездік пен қанішерлік жайлаған соғысқа қарғыс айтып, қан сасыған майданнан жұпар аңқыған жеңістің ұлы күнін жақындатқан да ол – махаббат.
    Ал, осы махаббатты өн бойына, жан дүниесіне ұялатқан ол – ӘЙЕЛ заты.
    Бұл қойылымда жаны нәзік әйел затының аяусыз қатал соғысқа қайрат танытып, қарсы тұрғаны, жеңіп шыққаны суреттеледі. Себебі, соғысты жеңетін жалғыз қару махаббат ғана.

    Read more

  • Ұстаздың оралуы

    Ұстаздың оралуы

    «Ұстаздың оралуы»
    (Оммаж-қойылым)
    Авторы: Ә.Әлімжанов
    Инсценировкасын жасаған: М.Әбіл

    Қоюшы режиссері: Ф.А.Қанафин
    Қоюшы суретшісі: А.Сырбаева
    Киім үлгісінің суретшісі: Б.Ахметова
    Биін қойғандар: Ж.Темербаева
    О. Ростовщикова

    Ұлы ойшыл Әбу Нәсір Әль-Фарабидың 1150 жылдығына орай сахналанды

    «Даналық ғылымның бастауы» - дейді ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушысы – Марк Тулли Цицерон.
    Даналықтың биігіне шыққан, мың жылда бір туар ғұламалардың ғұмыры, қайраткерлігі, ғашықтығы, толассыз ойлардың туындау сәттері кімді де болсын қызықтырмай қоймасы анық. Осы қойылымда кейіпкеріміздің тұлғалық сипатымен қоса адами болмысы, кісілігі тіпті пендешілігі, сүйіспеншілігі мен сағынышы сынды қасиеттерін көрсетуге ұмтылдық.
    Бүгінгідей технократтық жаһандану мен ғылымның заманы болмаса да, сонау ықылым уақытта-ақ сан саланың сипатын тауып, сырын ашқан ойшылдың орамды ойлары, парасатты пайымдары, түзу жолды нұсқаған ұстанымдары көпшілік көрерменнің көкірегіне сәуле шашады деген сенімдеміз.

    *Оммаж – (фр. hommageи- ризашылық, құрмет) мәдениетке,өнерге, тұлғаға т.б құрмет көрсету, тағзым жасау, мойындау мақсатында қолданылатын жанр.

     

    Read more

  • Кішкентай адамның үлкен трагедиясы

    Кішкентай адамның үлкен трагедиясы

    «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы»
    (қалжыңсыз комедия)
    Авторы: А.Чехов
    Қоюшы режиссеры: Б.Шамбетов «Мәдениет қайраткері»
    Суретшісі: С.Ниязакунов

    Орыстың ұлы жазушысы А.П.Чеховтың «Қорғансыз жан», «Қаскүнем», «Жуан мен жіңішкеден», «Қонақ», «Дипломат», «Ынжық» атты әңгімелерінде адамның надандығын, билік пен қарапайым шаруа санасының түйіспеуін, жағымпаздықтың жиіркенішті көрінісін, ақшаның алдында адамгершіліктің құнсыздануын, ащы шындықтан қарағанда, тәтті өтірікке құмарлығын, құлдық сананың адам бойына сіңіп кеткенін көрсетеді. Осы оқиғаларды «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» атты бір қойылымда тоғыстырған туындының көтерген тақырыбы өте ауқымды, әрі өзекті. Қалжыңсыз комедия жанрындағы қойылымда күлкілі жағдайлар көп орын алуы мүмкін, бірақ оның арғы жағында үлкен трагедия жатыр. Қойылым өмір шындығына терең бойлап, қоғам кеңістіктеріндегі әлеуметтік-философиялық тақырыпта ой қозғайды. Адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты екендігін естен шығармауы тиіс. Автор құлдық сананың тамшыларын адам бойынан сығып алудың керемет үлгісін көрсетеді. Ол заманауи эффектілерден бас тартып, бет пердесіз шынайылыққа бір қадам жақындата түседі.

     

     

    Read more

  • Мама...

    Мама...

    «Мама...»
    (драма)
    Авторы: Б.Абдураззаков
    Қоюшы режиссеры: Ф.Молдағали
    Суретшісі: С.Ниязакунов
    «Ананың көңілі –балада, баланың көңілі далада». Бізге жарық дүние сыйлаған асыл жанды естен шығаруға болмайды. Мама... Бір ұғымның астында бүкіл дүние бұғып жатқандай...Сол асыл жанға жылы сөзді соңғы рет қашан айттыңыз?

    В основе событии лежит разговор мамы с сыном. Он –человек с большой буквы, начальник района. Мама все время за него переживает. Но, сын не понимает материнское сердце...

     

    Read more

  • Гәргәрбектің гөй-гөйі

    Гәргәрбектің гөй-гөйі

    Т.Миннулин «Гәргәрбектің гөй-гөйі»
    музыкалық комедия
    авторы: Т.Миннулин
    қоюшы режиссеры: Ф.Молдағали
    Суретшісі: Е.Сулейменов, А.Тургинбаева
    Дирижер: М.Жакупов
    Хореограф: Ж.Темербаева
    Хормейстер: А.Садыкова

    Әзілге толы жеңіл комедияда үлкен қыздарынан әбден көңілі қалған Гәргәрбек кіші қызын ата салтпен теңіне қосуды ойлайды. Үш бірдей үміткер сұлу қызға қол жеткізу жолында өнер көрсетуден, білек күшінен сынға түседі. Музыкалық қойылым көрерменге ән мен биден көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
    Разочаровавшийся в старших дочерях, которые воспитывают детей без отцов, Гаргарбек находит мудрое решение: выдать младшую дочь по народным обычаям. Претенденты на руку красавицы Урпии, это и работяга Жабиш, трудоголик Латок и скромный Нампай- должны послать свах в дом невесты, выдержать силовые и песенные состязания, чтобы выявить самого достойного жениха.

     

    Read more

  • Бір, екі, үш

    Бір, екі, үш

    "Бір, екі, үш..."
    (әлеуметтік драма)
    Авторы: О. Жанайдаров
    Қоюшы режиссер: Баатырбек Шамбетов «Мәдениет қайраткері»
    Суретшісі: С. Ниязакунов

    Туған жерден жырақта жүріп, үлкен қаланың уақытша «құндылықтарына» еру арқылы, адами құндылық, шынайы сезім дегеннен жұрдай болып бара жатқан қос ағайындының өмірі жайлы драма. Мұғалім Жолан мен құрылысшы Қайрат бірбөлмелі пәтерде тұрады. Бір әке, бір анадан туған бауырлар демесеңіз, бір-біріне мүлдем жат. Қазақстанда жалғыз қалған ата-аналарының аяқ асты көз жұмуымен, қалтада қажетті қаражаттың жоқтығы жағдайды одан әрі ушықтырады.Ұрыстың тағы бір себебі - аға мен інінің арасына түскен жеңіл жүрісті Таня. Тағдыр тәлкегі атамекеннен алыста жүрген қос ұлға тағы қандай сынақ дайындады... Ақшаға құнығып, шалыс басқан ағайындылар бір-бірін кешіре ала ма?
    2014 жылы маусым айында Ресей Федерациясы Екатеринбург қаласында өткен "Коляда- Plays" фестиваліне қатысып, отыз спектакльдің ішінен фестивальдың үздік он қойылымдар ішіне енді.

     

    Read more