Республикалық фестивальдің бас жүлдегері

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртістері режиссер Баатырбек Шамбетовтың бастауымен Өскемен қаласында қарашаның 10-ы мен 14-і аралығында өткен Рүстем Есдәулетов атындағы ІІ республикалық театр фестивалінде "Шолпанның күнәсі" қойылымымен өнер көрсеткен болатын.
Республикалық фестивальде М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсімен» өнер көрсеткен әртістер үлкен олжамен оралды. «Шолпанның күнәсі» қойылымы «Үздік спектакль» бас жүлдесімен және 1 млн теңгелік сертификатпен марапатталды.
Ұзақ уақыт бойы дайындалған театр ұжымының еңбегі жоғары бағалануы бізді қуантады әрі жаңа жетістіктер мен бұдан да зор жеңістерге ынталандырады.